Қазақстан Үндістан мен Пәкістанды халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырады

975

Екі ел арасындағы әскери-саяси жағдай шиеленісе түсті.

Қазақстан Үндістан мен Пәкістанды халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырады

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіреді. Қазақстан екі ел арасындағы ашық және конструктивті саяси-дипломатиялық диалог қазіргі дағдарыстан шығудың жалғыз тиімді және қолайлы жолы деп санайды. Қазақстан тараптарды, ең алдымен, ахуалдың одан әрі ушығуын алдын алу үшін аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мүдделеріне негізделген барынша сабырлылық пен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырады", – делінген мәлімдемеде­.

Еске сала кетсек, Үндістан мен Пәкістанның қарым-қатынасы мәз болмай тұр. Үндістанның әуе күштері 26 ақпанда Пәкістанның Кашмир аумағына әуеден соққы жасады. Ал Исламабад Үндістанның екі әскери жойғышын атып түсіріп, қарымта қайтарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу