Қазақстан Үндістандағы іскерлік туризмнің ең үздік бағыты деп танылды

205

Салтанатты рәсім – MICE-индустриядағы маңызды оқиғаның бірі. 

Қазақстан Үндістандағы іскерлік туризмнің ең үздік бағыты деп танылды Фото: Туризм жəне спорт министрлігі

Қазақстан 2023-2024 жылдары Үндістаннан келген бизнес-туристер үшін ең үздік MICE-дестинация болып танылды. Аталған номинация Делиде (Үндістан) өткен жыл сайынғы The MICE Conference Expo & Awards (TMCEA) марапаттау рәсімі аясында табысталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Сыйлықты MICE Affairs журналының редакциясы береді. Салтанатты рәсім – MICE-индустриядағы маңызды оқиғаның бірі. Өйткені мұнда нарықтың жетекші өкілдері өзекті трендтерді талқылау, іскерлік кездесулер өткізу және саланың үздіктерін анықтау үшін жиналады.

Марапатты Kazakh Tourism атынан компанияның Үндістандағы өкілі Прашант Чодри былтыр Kazakh Tourism ҰК АҚ ұйымдастырған сапар аясында Астана және Алматы қалаларына келген MICE Affairs Media Group бас директоры Сачин Маночаның қолынан қабылдап алды.

MICE – конференциялар, конгрестер, көрмелер және өзге де іскерлік іс-шаралар индустриясы Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағытының бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу