Қазақстан ҰОК басшысы Тұрсынбаеваны әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады

605

Құттықтау хатында ҰОК басшысы спортшыға алғыс білдіріп, ел спортындағы ірі жетістігі үшін қуанышты екенін жеткізген. 

Қазақстан ҰОК басшысы Тұрсынбаеваны әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваны әлем чемпионатында күміс медаль иеленуімен құттықтады, деп хабарлайды olympic.kz. 

Құттықтау хатында ҰОК басшысы спортшыға алғыс білдіріп, ел спортындағы ірі жетістігі үшін қуанышты екенін жеткізген. 

"Қадірлі Элизабет! Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен еліміздегі барша жанкүйердің және өзімнің атымнан Сізді Жапонияда өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдесімен құттықтаймын! Қазақстандық спортсүйер қауым сіздің әлемдік сындағы өнеріңізді асыға күтіп, әйелдер арасындағы бәсекеде тарихи жүлде алған сәтіңізге куә болды. Сіз жеңіске деген жігеріңіз бен мұқалмас қайратыңыздың арқасында барша қазақстандықтарға Наурыз мерекесінде естен кетпес сый жасадыңыз", – делінген құттықтауда.. 

Тимур Құлыбаев спортшының бұл жетістігінің еліміздегі мәнерлеп сырғанау спортының тарихында қалып, Қазақстандағы спортты дамытуға серпін береріне сенім білдірген.

 Еске сала кетейік, Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан қазақ қыздары арасында тұңғыш рет әлем чемпионатының жүлдесін иеленіп отыр. Сонымен қатар, Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудағы ең қиын элемент саналатын төрттік сальховты әйелдер арасында алғаш болып орындады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу