Қазақстан ҰОК ел тұрғындарын Халықаралық Олимпиада күнімен құттықтады

1310

ҰОК Қазақстан командасын Олимпиада күнімен құттықтай отырып, баршаға мықты денсаулық, сәттілік, жаңа жеңістер тілейді.

Қазақстан ҰОК ел тұрғындарын Халықаралық Олимпиада күнімен құттықтады

Бүгін Халықаралық Олимпиада күні. Біздің еліміз аталған мерекені 26-шы рет атап өтіп отыр. Осыған орай Ұлттық Олимпиада комитеті өз құттықтауын жолдады.

"Құрметті қазақстандықтар! Қадірлі спортсүйер қауым! Баршаңызды Халықаралық Олимпиада күнімен құттықтаймыз! Әлемдегі спорттық қауымдастықтар жылдар бойы бұл атаулы мерекені тойлап келеді. Біздің еліміз де сырт қалған жоқ. Олимпиада хартиясында былай жазылған: Олимпиадалық қозғалыстың басты мақсаты  – жастарды спорт арқылы өзара түсіністік пен достыққа тәрбиелеу, осылайша, бейбіт әлем құруға себепкер болу. Көптеген жылдар бойы біз халықтың спортқа деген қызығушылығын оятып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, бірлік пен бейбітшілікті нығайтып, қозғалыстың негізгі бағыттарын қолдап келеміз. Спортшылар, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері біздің ең үлкен мақтанышымыз. Олар жас ұрпаққа үлгі көрсетіп, жанкүйер мерейін арттырып келеді. Біз сіздермен бірлесе отырып олимпиада құндылықтарын одан әрі дамытуға және сақтауға мүдделіміз",– делінген құттықтау мәтінінде.


Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу