Қазақстан ҰОК коронавирус қаупіне байланысты мәлімдеме жасады

1125

ҰОК басшысы қауіпсіздік шараларын күшейту керектігін айтты.

Қазақстан ҰОК коронавирус қаупіне байланысты мәлімдеме жасады

Коронавирус белгісі байқалған елдер саны 77-ге жетті. Осыған орай, бүкіл әлем мемлекеттері қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Қазақстан билігі де шекараны қымтап, шеттен келетін азаматтарды қатаң бақылауға алуда. Сондай-ақ, ел аумағында өтетін ірі спортық жарыстарға шектеу қойып, тұрғындарға мейілінше сақ болу қажеттігін ескертіп жатыр, деп жазады Olympic.kz. 

"Ұлттық Олимпиадалық комитет үшін спортшылардың денсаулығы өте маңызды. Сақтық шараларымен қатар, қауіпсіздік шараларын да күшейту қажет. Бізде ұлттық федерациялармен бірге коронавирустың таралмауы және қазақстандық спортшыларды індеттен қорғау бойынша алдын-алу шараларына қатысты біртұтас және берік ұстаным болуы керек. Алдын алу шараларының барлығын қолдану керек", – деді ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев.

Әлемде коронвирус жұқтырған адамдар саны 3 наурыз күнгі кешкі мәліметтер бойынша 92,314-ке жетті. Коронавирус кеңінен таралған елдердің алғашқы бестігіне Қытай (80 151), Оңтүстік Корея (5186), Иран (2336), Италия (2036) және Жапония (2830) енген. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу