Қазақстан ҰОК ұжымы комитеттің басшысы Тимур Асқарұлы Құлыбаевты туған күнімен құттықтайды. Құттықтау ҰОК ресми сайтында жарияланды.
"Қазақстан ҰОК жолданған барлық тілектерге қосыла отырып, Тимур Асқарұлына зор денсаулық, таусылмас табыс пен қызметте сәттілік тілейді. Сіздің еліміздегі олимпиадалық қозғалысқа деген оң көзқарасыңыз бен ерекше қолдауыңыз үшін алғысымыз шексіз. Қазақстандық спорттағы ірі өзгерістердің түп-тамырында Сіздің өлшеусіз еңбегіңіз жатыр. Тимур Асқарұлы, осы бір қуанышты күні қазақстандық олимпиадалық қоғамдастықтағы барша спортшылар мен бапкерлердің атынан Сізді құттықтаймыз! Ойға алған мақсаттарыңыздың орындалуына, биік белестерді бағындыруыңызға тілектеспіз!",– делінген құттықтау мәтінінде.