Қазақстан – уран экспорттайтын әлемдегі жетекші мемлекет - Тоқаев

386

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитке қатысты.

Қазақстан – уран экспорттайтын әлемдегі жетекші мемлекет - Тоқаев Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитке (СОР28) қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтауға бағытталған нақты шаралар қабылдау жөніндегі БҰҰ-ның көкейтесті үндеуін толық қолдайды.

Біз Париж келісімін ратификациялаған аймақтағы бірінші елміз және 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын қабылдадық",- деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Тоқаев Қазақстанның жаңа Экология кодексі ұлттық экономиканың әрбір секторында "жасыл" технологияларды кеңінен қолдануға ықпал ететінін атап өтті.

"Елімізде жел мен күн энергиясын пайдалану, сондай-ақ "жасыл" сутегін өндіру үшін зор әлеует бар. Біз осы мүмкіндікті пайдалану мақсатында серіктестерімізбен арадағы тығыз ынтымақтастықты жалғастырамыз. Қазақстан – уран экспорттайтын әлемдегі жетекші мемлекет.

Бұл ретте еліміз дүниежүзі бойынша уранның 43 пайыз тасымалын қамтамасыз етеді. Біз жаһандық деңгейде электр энергиясын көміртегі қалдықтарынсыз өндіру ісінде шешуші рөл атқарамыз",- деді Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу