Қазақстан енді Болгарияға уран жеткізеді

160

Қазір тиісті мәселе қарастырылып жатыр.  

Қазақстан енді Болгарияға уран жеткізеді Фото: Қазатомөнеркәсіп

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Қазақстан Болгарияға уран жеткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Болгарияда екі блоктан тұратын атом электр станциясы жұмыс істеп тұр. Оның әр блогының қуаты – 1,1 гигаватт. Ынтымақтастықтың әлеуетті бағытының бірі – біздің уранды болгар АЭС-ына жеткізу", – деді Нұрлан Жақыпов Ақорда кулуарында.

Айта кету керек, бұған дейін Астанаға ресми сапармен Болгария Президенті келгенін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу