Қазақстан ұшқыштары 2018 жылы цифрлық куәлік алады

812

Қазақстан ұшқыштары 2018 жылы цифрлық куәлік алады

ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті ұшақты басқаруға рұқсат беретін куәлігі бар қазақстандық ұшқыштардың санын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
ААК мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстанда ұшқыш куәліктеріне 2133 адам ие.

"Әуе кемесін басқаруға 2133 ұшқыш құқылы. 798 ұшқыштың куәлігі болғанымен, халықаралық тәжірибеге сәйкес уақытша ұшуға қатыспайды", - деп хабарлайды ААК.

Халықаралық стандарттар мен Қазақстан заңнамалары талаптарына сәйкес, ұшқыш куәлігі 5 жыл мерзімге беріліп, жыл сайын әуе кемесін басқару мерзімі ұзартылып отырады.
Кей жағдайларда ұшқыштар түрлі себептермен 5 жылдық кезең ішінде ұшқыш куәлігінің мерзімін ұзарта алмай жатады. Рұқсаты жоқ мұндай ұшқыштарды әуе компаниясы ұшақ басқаруға жібермейді. Бұған қоса, олар ұшқыш куәлігіне ие бола тұра, тиісті дайындықтардан өту нәтижесінде әуе кемесін басқаруға қайтадан жіберілуі мүмкін.

Айта кету керек, ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті келесі жылы ұшқыштар куәлігін цифрлық тасымалдау жүйесіне ауыстырып, әуе қызметкерлерінің мәліметін автоматтандыруды жоспарлап отыр. Комитет аталған шара ұшу құрамын бақылауға алуды тиімді етеді деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу