Қазақстан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84%-ға дейін арттырды

488

Сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ  арасындағы тікелей рейстерді іске қосу үшін техникалық әлеуетті арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. 

Қазақстан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84%-ға дейін арттырды Фото: 24.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Авиациялық әкімшілік қызметімен танысып, жұмыс кеңесін өткізді деп жазады inbusiness.kz Азаматтық авиация комитеті таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның авиациялық билігі халықаралық стандарттардың жоғары деңгейіне сай болу бағытында біршама жұмыс атқарды.

"Қазір Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі комитетімен өзара тығыз байланыс орнатылған. Десе де алда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Өйткені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен халық үшін қолайлы жағдай жасау мәселелеріне басымдық беріп келеді. Сонымен қоса еліміздің Президенті ұшу географиясын кеңейту мен рейстер санын ұлғайтуға байланысты жұмысты жалғастыруды тапсырды", - деді Қайырбек Өскенбаев.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Радудың айуынша, осы жылдың басынан бастап Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы тікелей рейстерді іске қосу үшін FAA (IASA) алдағы халықаралық ұшу қауіпсіздігін бағалауға дайындық шеңберінде техникалық әлеуетті арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Ал, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың дерегінше Қазақстан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84%-ға дейін арттырды. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 15%-ға жоғары.

Кездесу соңында  министр Азаматтық авиация комитетіне авиациялық әкімшілікпен бірлесіп, ұшу қауіпсіздігі мәселесін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Қазір еліміздің мемлекеттік тізілімінде 912 әуе кемесі бар. 75 кеме тұрақты жолаушылар рейстерін жүзеге асырады. Тұтастай алғанда, елімізде 25 әуежай мен 6 тікұшақ айлағы жұмыс істейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу