Қазақстан үстел теннисі федерациясы жылдың қорытынды конференциясын өткізді

949

Жылдың ең басты оқиғасы – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзі ашқан Қарағанды қаласындағы заманауи үстел теннисі Орталығы. 

Қазақстан үстел теннисі федерациясы жылдың қорытынды конференциясын өткізді

Қазақстанның үстел теннисі федерациясы (әрі қарай - ҚҮТФ) ел аймақтарындағы материалдық-техникалық базаны күшейту жұмыстарын одан әрі жалғастыруға ниетті. Бұл туралы Ұлттық федерацияның жылдық есебінде ҚҮТФ президенті Данияр Абулғазин мәлімдеді деп Olympic.kz-ке сілтеме жасап inbusiness.kz хабарлайды.

Онлайн-форматта өткен ұйымның басты жиынына аймақтық үстел теннисі федерацияларының басшылары түгел қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес, отырыста Федерацияның 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беріліп, ревизиялық комиссия мен Федерацияның 2021 жылға арналған жоспары тыңдалды. 

Одан бөлек, аймақтық федерациялар Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Алматы және Тараз қалаларында салынатын үстел теннисі Орталығының құрылысы мен дамуы туралы сөз алды.

Жиынға қатысушылар ғаламдық пандемияға байланысты былтырғы маусымның қиын өткеніне қарамастан, өткен жыл республикалық федерацияның белсенді жұмысымен есте қалғанын атап өтті.

Әсіресе, әрбір спорт түрінің іргетасы саналатын материалды-техникалық база мен балалар және жасөспірімдер спорты, сондай-ақ, бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік туды.

Жылдың ең басты оқиғасы – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзі ашқан Қарағанды қаласындағы заманауи үстел теннисі Орталығы. Аталған кешен ең ірі деңгейдегі халықаралық жарыстарды қабылдай алады. Айта кетерлігі аталған Орталық қыркүйек айында жылдың ең маңызды шарасы – Халықаралық үстел теннисі ITTF аясында өтетін халықаралық рейтингтік "Kazakhstan Open" жарысын қабылдайды.

"Биыл біз ел аймақтарындағы материалды-техникалық базаны нығайтуды одан әрі жалғастырамыз. Өйткені, болашақ атлеттердің жеңісіне бұл тікелей әсер етеді. Жақын арада Қазақстанның бірнеше қаласында үстел теннисі Орталықтарының құрылысы аяқталады. Бұдан бөлек, аймақтық федерациялармен бірлесе отырып бапкерлер құрамының дайындығы мен біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлмекшіміз. Эпидемиологиялық жағдай реттелген бойда қазақстандық бапкерлермен жұмыс істеу үшін шетелден жоғары деңгейлі мамандар шақырылады. Бұл бағытта біз халықаралық федерациямен (ITTF) тығыз байланыс ұстап отырмыз. Аймақтық және ұлттық федерациялардың бірлесіп жұмцс істеуі нәтижесінде біз үстел теннисінің республикалық және халықаралық деңгейде дамитынына сенімдіміз", - деді ұлттық федерация президенті Данияр Абулғазин.

Кездесу барысында аймақтық федерациялардың басшылары - Абзал Сағымбаев (Нұр-Сұлтан), Руслан Хамбаров (Ақтөбе), Достярқұл Аханов (Павлодар), Асқар Тұрысбеков (Шымкент), Александр Тайбазаров (Өскемен), Айман Успанова (Алматы), Сырым Мәдиев (Тараз) өз әріптестеріне жұмыстың барысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ Үстел теннисі және жасөспірімдер спорт орталықтарын дамыту жоспарларымен бөлісті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу