Қазақстан үстел теннисінің жаттықтырушылары федерациядан стипендия алады

444

Үстел теннисінің федерациясы жаттықтырушыларына стипендия береді.  Ол үшін федерациясының президенті Данияр Абулгазин өз қаражаты есебінен 40 млн теңге қаржы бөлді. 

Қазақстан үстел теннисінің жаттықтырушылары федерациядан стипендия алады Фото: egemen.kz

Бұл бастама өткен жылы қолға алынып, 20 бапкерге шәкіртақы тағайындалған еді. Биыл да Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстың жаттықтырушыларына үрдіс жалғасады. Бұл бапкерлердің біліктілігін арттырып, чемпиондар тәрбиелеуде қосымша мотивация болмақ.  

"Соңғы жылдары әкімдіктердің қолдауымен және демеушілік қаражат есебінен Қарағанды, Алматы, Астана, Тараз, Павлодар, Ақтөбе, Өскемен, Шымкент қалаларында заманауи үстел теннисі орталықтары ашылды. Балалар  мен ересектердің бұл спорт түріне қызығушылығы артып келеді. Сондықтан жаттықтырушылар құрамын жасақтап, семинар-тренингтер мен шеберлік сабақтарын өткізіп жатырмыз", дейді Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулгазин.

Қазақстанда үстел теннисімен 220 000-ға жуық адам жүйелі шұғылданады. Ал 8 мыңнан астам спортшымен  280-нен астам жаттықтырушы тұрақты жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу