Қазақстан ұтқыр ұялы байланыс инфрақұрылымын дамытуда алда келеді

1233

Қазақстан  ұтқыр ұялы байланыс инфрақұрылымын дамытуда алда келеді

Қазақстанда ұтқыр ұялы байланыс инфрақұрылымы дамыған. Бұл туралы ХЭБО-ның есебінде айтылды, деп хабарлайды stat.gov.kz.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) индикаторлары бойынша халықаралық симпозиумының 15-отырысында Халықаралық электробайланыс одағы қатысушыларға (ХЭБО) АКТ-ның әлемде және әр елде дамуы жөнінде 2017 жылға  арналған есебін ұсынды.

ХЭБО-ның есебінде Қазақстан кең жолақты ұтқыр байланыстың ену деңгейі бойынша ТМД елдері арасында алда келе жатыр. Қазақстан компьютер мен интернетті пайдаланудың қолжетімділігі бойынша алдыңғы қатардан табылды. 2016 жылы Қазақстан Республикасында 6-74 жас аралығындағы компьютерді пайдаланушылар үлесі - 76,2%-ды (2015 жылы - 74,2%), интернетті пайдаланушылар үлесі 76,8%-ды (2015 жылы – 72,9%) құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу