Қазақстан вагон жасау компаниясы биыл 2 мыңнан астам вагон шығарады

1379

Қазақстан вагон жасау компаниясы биыл 2 мыңнан астам вагон шығарады

Екібастұздағы "Қазақстан вагон жасау компаниясы" ЖШС биыл 2 мыңнан астам вагон шығаруды көздеп отыр. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі БАҚ өкілдерімен өткізген ашық сұхбатында айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Тапсырыстың болмауы салдарынан Қазақстан вагон жасау зауыты екі жыл қатарынан тоқтап қалғаны белгілі. Осы мәселемен үкімет үйіне және премьер-министрге жүгіндік.  Нәтижесінде 18 миллиард теңге қаражат бөлінді. 2017 жылы 170 вагон құрастырылса, бүгінгі таңда екі айдың ішінде 200 вагон шығарылды", - дейді әкім.

Аймақ басшысы   жоспарға сәйкес 2 мыңнан астам вагон шығару  үшін қаржы жеткілікті екенін атап өтті.

"Дәл қазір вагон жасау зауытында жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Кәсіпорын үш ауысымға көшкен. Қажеттілік туындаған жағдайда төртінші ауысымға шығуға да жағдайы бар, - деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік,   "Қазақстан вагон құрастыру компаниясы"  шығаратын бір вагонның бағасы 15 миллион теңге тұрады. Бұл ресейлік вагондарға қарағанда 10 пайызға қымбат. Себебі, тек қана көрші елде дайындалатын кейбір қымбат өнімдер пайдаланылып, вагондар 50 пайыз ресейлік, 50 пайыз отандық өнімнен құрастырылады.  

Биыл 270 платформалы вагонға тапсырыс түскен. Алдағы бес жылда 10 мың ашық вагон өндіру жоспарлануда.  Қызметкерлердің орташа жалақысы 111 мың 800 теңгені құрайды, алайда кәсіпорын басшылығы наурыз айынан бастап 150-170 мың теңгеге дейін көтеруге уәде берген.

Айта кетейік, "Қазақстанның вагон жасау компаниясы" ЖШС 2008 жылы ашылған. Кейін зауыт жұмысы экономикалық дағдарыс салдарынан тұралап қалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу