Нұр-Сұлтанда Қазақстан велосипед спорты федерациясының кеңейтілген отырысы өтіп, ұйымның жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Кеңейтілген жиында федерация мүшелері бірауыздан Смағұловтың кандидатурасын қолдады. Федерация басшысы қызметін Нұрлан Смағұлов төрт жылға дейін атқарады.
Айта кетелік, жиынға Ұлттық Олимпиадалық комитеттің бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу