Тікелей инвестициялардың Қазақстан-Венгрия инвестициялық қоры Ақмола облысындағы сүт-тауарлы фермасына 10,4 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы құйды. Бұл туралы "ҚазАгро" холдингі хабарлады, деп жазады LS.
Қаражат 1,5 мың сиыры бар шаруашылықты толығымен жабдықтауға және 1,5 мың сиырға есептелген жаңа сүт-тауар өндірісін салуға жұмсалады
"Жобаға Қазақстан мен венгерлік тараптан қаражат тартылды. Венгрияның экспорт-импорттық банкі 4,66 млн АҚШ долларын жіберсе, дәл осындай сомамен "ҚазАгро" холдингі қаржыландырды. ADM Capital қорының басқарушы компаниясы $ 94,2 мың көлемінде қосымша қаражат қосты. Сонымен қатар қазақстандық инвестор жем-шөп түрінде 1 млн доллар салады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу