Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуін құптайды

1071

Қазақстан толық және жаппай ядролық қарусыздану идеясының дәйекті жақтаушысы бола отырып, 2018 жылғы 2 наурызда ЯҚТСШ-ға қол қойған 57-ші мемлекет, ал 2019 жылғы 29 тамызда БҰҰ хатшылығына ратификациялау құжатын енгізген 26-шы мемлекет болды. 

Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуін құптайды

"Қазақстан ЯҚТСШ-ны әмбебаптандырудың маңыздылығын атай отырып, БҰҰ-ның 100-жылдығына, яғни 2045 жылға дейін планетамызды ядролық қарудан азат ету мақсатында мемлекеттерді Шартқа қосылуға шақырады" , – деп жазылған Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Сондай-ақ СІМ Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың (ЯҚТСШ) күшіне енуін құптайтындығы жеткізген.

2017 жылғы 7 шілдеде БҰҰ-ға мүше 122 мемлекеттің қолдауымен қабылданған шарт ядролық қаруды толық жою жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық арсенал иесінен ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы көшбасшы елге айналған мемлекет ретінде ЯҚТСШ жобасы бойынша келіссөздер процесіне белсенді қатысты.

2019 жылғы 3 шілдеде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы" ҚР Заңына қол қойды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу