Қазақстан Заң үстемдігі индексінде 65 орынға тұрақтады

1142

26 қазанда Заң үстемдігі жөніндегі 2022 жыл индексінің қорытындысы жарияланды. Зерттеу 140 ел бойынша жүргізілді. 

Қазақстан Заң үстемдігі индексінде 65 орынға тұрақтады Фото: zakon.kz

Қазақстан 2022 жылғы рейтингте 0,53 балл нәтижесімен 65-орынға тұрақтап, өткен жылдың нәтижелерімен салыстырғанда позицияны бір пунктке жақсартты, деп хабарлайды inbusiness.kz Экономикалық зерттеулер институтына сілтеме жасап.

Институт мәліметінше, бұл рейтингте  Қырғызстан – 100 орын, Қытай – 95 орын, Венгрия – 73 орын, Албания – 87 орын, Молдова – 68 орынға тұрақтапты. Қазақстанның көрсеткіштері бұл аталған елдерден біршама жоғары.

Қазақстан фактор бойынша көрсеткіштерді айтарлықтай жақсартқан: "негізгі құқықтарды қорғау" және "қылмыстық сот төрелігі".

"Негізгі құқықтарды қорғау" бойынша Қазақстан 7 позицияға 107-ден 100 орынға көтерген. Сонымен қатар "Құпиялылыққа өндірістік араласудағы азаттыққа тиімді кепілдік берілу" бойынша көрсеткіш 9 тармаққа жақсарған, "негізгі еңбек құқықтарына тиімді кепілдік берілу" 8 тармаққа жақсарған, және "іс жүргізу құқығы" 7 тармаққа жақсарған".

Соған қарамастан, елдің негізгі құқықтарды қорғау бойынша позициялары төмен. Бұл қауіпсіздікке кепілдік беру, "процессуалды және еңбек құқықтары және пікір еркіндігі мәселелеріне мұқият қарауды және шешуді талап етеді.

"Қылмыстық сот төрелігі" позициясында Қазақстан 68-ден 62-орынға, 6-тармаққа көтерілді. "Қылмыстық жүйе Үкіметтің қате ықпалынан азат болу" субфакторы бойынша ел позициясы 17 тармаққа жақсарған.

"Билік институттарының өкілеттіктерін шектеу" факторы бойынша Қазақстан позициясын 2 тармаққа жақсартып, 106-орынға тұрақтапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу