Қазақстан заңнамасына енгізілген түзетулер жүргізушілердің мүмкіндігін кеңейтті

838

Қазақстан заңнамасына енгізілген түзетулер жүргізушілердің мүмкіндігін кеңейтті

Қазақстан заңнамасына енгізілген түзетулер бойынша, көлігін полиция тоқтатқан жүргізушілерге біраз мүмкіндіктер беріліп отыр, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жол қозғалысы мәселесі бойынша заңнама актілеріне түзетулер енгізді. Соған сәйкес жүргізушілердің құқығы артып, полицейлердің міндеті көбейді. 

Оның ішінде, жол-патрулдік полиция көлікті тоқтатқан кезде, заң бойынша жолаушылар полиция қызметкерінің рұқсатын күтпей, көліктен шығып кетсе болады. 

Енді полицейлер көлікті тоқтатқаннан соң, жақындап, өзін таныстырып, куәлігін көрсетіп, неге тоқтатқанын түсіндіріп, пайдаланылатын техникалық құралдардағы деректі көрсетуі тиіс. Бұған дейін бұл міндеттер ішкі істер министрі бұйрығында ғана айтылған болатын, сол себепті үнемі сақтала бермейтін.

Сонымен бірге, заң бойынша, жүргізушілердің көлікті тоқтатқан кезде полицей әрекетін фото немесе видеоға түсіріп алуға құқығы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу