Қазақстан заңына түкіріп қарайтын әуе компанияларын мәжіліс ырыққа көндірмек

250

Әуе компанияларына тықыр таяды.

Қазақстан заңына түкіріп қарайтын әуе компанияларын мәжіліс ырыққа көндірмек Фото: sadaqmedia.kz

Қазақстанда кешіктірілген әуе рейстері үшін жолаушылар билет құнының 80 пайызына дейін қайтарып алуға құқылы болуы мүмкін. Мұндай өзгерісті Мәжіліс депутаттары "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" заңға енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Осылайша депутат Бақытжан Базарбек Қазақстан заңына бағынбайтын әуе компанияларын ырыққа көндіретін талаптар ұсынып, құжатқа енгіземіз дейді. Енді елдегі авиациялық қызметтерді бақылау Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне берілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу