2020 жылы Қазақстанда құны 2,5 миллиард доллардан астам полипропилен өндіріледі. Бұл туралы еліміздің Энергетика министрлігі мұнай және газ өнеркәсібі департаментінің директоры Асхат Хасенов мәлімдеді.
Ол зауыт Атырау облысындағы Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі аумағында салынуда. Министрлік өкілінің айтуынша, зауыт жылына 500 мың тонна полипропилен шығармақ. Осы жұмыстар үшін Қазақстан Қытай елінен екі млрд доллар несие алмақ. Қарызды Қытайдың мемлекеттік банкі ұсынып отыр. Тіпті келісім рәсімделіп те қойған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу