Қазақстан жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдеседі — СІМ

538

Нью-Йоркте Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлерінің үйлестіру кездесуі өтті.

Қазақстан жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдеседі — СІМ Фото: reuters.com

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлерінің үйлестіру кездесуіне қатысты, деп жазады inbusiness.kz.

Іс-шара барысында ұйымға 57 мүше-мемлекеттің делегацияларының басшылары ислам әлемінің ағымдағы ахуалына қатысты кең ауқымдағы мәселелерді талқылап, аталған ұйым шеңберінде ынтымақтастықты нығайту жолдарын қарастырды, делінген СІМ таратқан хабарламада.

Қазақстан СІМ басшысы өз сөзінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің алаңы арқылы елдің толеранттылық пен конфессияаралық келісім идеяларын ілгерілетуге қосқан үлесін атап өтіп, Таяу Шығыс бейбітшілік үдерісіне жәрдемдесудің және Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандырудың маңыздылығын атап өтті. 

Сонымен қатар ол  Қазақстанның АӨСШК мүмкіндіктерін қоса алғанда, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесіне жәрдемдесуді жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді. 

"Біз ұйымымыздың бірегей географиялық артықшылықтарын тиімді пайдалануымыз және мультимодальды көлік байланыстарын нығайтуымыз қажет. Бұл ИЫҰ елдерінің экономикасының дамуына айтарлықтай серпін береді", – деді М. Нұртілеу.

ИЫҰ шеңберіндегі қазақстандық бастамаларға, оның ішінде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының қызметіне, биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті және ғылым мен технологиялар саласындағы "ИЫҰ-15" диалог платформасын құруға ерекше назар аударылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу