Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты серіктестікті дамытып келеді – Мемлекет басшысы

161

Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетінде осылай мәлімдеді.  

Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты серіктестікті дамытып келеді – Мемлекет басшысы Фото: akorda.kz

Президент "Дүрбелеңге толы дәуірдегі стратегиялық сенімді қалпына келтіру: әділетті әрі тұрақты әлем құру жолындағы Қазақстанның ұстанымы" тақырыбында дәріс оқыды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның беделді әрі сенімді серіктес ретінде кеңінен мойындалғанын айтты.

– Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді. Біз бұл тату көршілікті Қазақстанның тұтас Еуразиядағы сенім мен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік беретін стратегиялық артықшылығы деп білеміз. Сондай-ақ Америка Құрама Штаттарымен және Еуропа Одағымен ұзақ мерзімді ықпалдастықты кеңейтіп, Таяу Шығыспен, Азия және Жаһандық Оңтүстік елдерімен байланысты күшейтеміз. Жапонияның Қазақстан үшін маңызы зор. Сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктеріне жол ашу мақсатында достығымыз бен қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Геосаяси тұрғыдан жікке бөлінген әлемде Қазақстанның мұндай теңгерімді әрі тура ұстанымы конструктивті дипломатияны қуаттай түседі, – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу