Қазақстан жақын күндері Еуропа елдеріне ет экспорттайды – АШМ

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.  

Қазақстан жақын күндері Еуропа елдеріне ет экспорттайды – АШМ Фото: Мясной Эксперт

"Еуропа елдеріне және Түркияға қашан ет экспорты басталады?" деген сауалға министрлік өкілдері былайша жауап берген, хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Еуропалық Одаққа мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта жылқы етін экспорттау бағыты бойынша біз барлық қажетті рұқсат құжатын алудың соңғы кезеңінде тұрмыз. Бизнес жұмысқа толық дайын, серіктестермен нақты келісімдер жасалды, – делінген ресми жауапта.

Сондай-ақ, ведомство еттің Түркияға қашан экспортталатыны туралы да мәліметтер келтірді.

– Қазіргі уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Түркияға ірі қара мал етін экспорттауға ветеринарлық-санитарлық талаптарды келісу бойынша жұмыс жүргізіп болды. Енді осы процестің шеңберінде Түркия Республикасының Ауыл және орман шаруашылығы министрлігіне ірі қара мал еті бойынша толтырылған сауалнама жіберілді және Түркия Республикасы тарапынан жауап күтілуде, – дейді министрлік өкілдері.

Бұған дейін Қазақстаннан Түрікменстанға жеткізілетін бидай экспортының азайғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу