Қазақстандықтардың жалақы деңгейі қандай?

279

Осы жылдың бірінші тоқсанында ҚР қызметкерлерінің орташа айлық атаулы жалақысы 382,3 мың теңгені құрады. 

Қазақстандықтардың жалақы деңгейі қандай? Фото: Depositphotos

Жалақы деңгейі бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 196 елдің ішінде 80-ші орында тұр. Бұл туралы finprom.kz хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы жылдың бірінші тоқсанында ҚР қызметкерлерінің орташа айлық атаулы жалақысы 382,3 мың теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 12,2%-ға артық. Нақты жалақы индексі 102,7% құрады, яғни сатып алу қабілеті сәйкесінше 2,7%-ға өскен.

ТМД елдері арасында Қазақстан тек Ресейден артта қалды, онда орташа жалақы 2,2 мың долларды құрады. ҚР-дан төмен рейтингте Түрікменстан (654 доллар), Беларусь (621 доллар), Армения (541 доллар), Молдова (508 доллар), Әзербайжан (494 доллар), Украина (430 доллар), Өзбекстан (351 доллар), Қырғызстан (228 доллар) мен Тәжікстан (169 доллар) тұр.

Рейтинг деректеріне сәйкес, әлемдегі ең жоғары жалақы Швейцарияда тіркелді — 8,1 мың доллар. Люксембург пен АҚШ көшбасшылар үштігінде. Ең төменгі жалақы Лесотода (24 доллар), Анголада (27 доллар) және Малавиде (31 доллар).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу