Қазақстан жалпыкомандалық есепте үшінші орын иеленді

1058

Математикадан XXV халықаралық Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылар 5 медаль жеңіп алды.

Қазақстан жалпыкомандалық есепте үшінші орын иеленді

Ұлттық құраманың қоржынында 2 алтын, 1 күміс және 2 қола бар, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Зияткерлік байқауға әлемнің 22 елінен 132 оқушы қатысты. Қазақстан жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.

Алматы мектебінің оқушысы Райымбек Байшуақ олимпиада барысында мүмкін болған 40 балдан 40 балл жинап, ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Жалпыкомандалық көрсеткіште Райымбек Байшуақ пен Мирон Юркевич - алтын, Мұхаммед Нағашбек - күміс, Сұлтанбек Байжанов пен Дамир Нұрланов қола медаль жеңіп алды.

"Оқушыларымыздың халықаралық олимпиадаларда көрсеткен нәтижелері – олардың білім сапасының, мектептерде сабақ беру, жаттықтырушылардың деңгейі және ата-аналардың осындай маңызды зияткерлік жарыстарда балаларына көрсетіп отырған қолдауының бірден бір дәлелі. Біз өз тарапымыздан қазақстандық оқушылар өздерін күллі әлемге таныта отырып, халықаралық байқауларда бұдан да үздік нәтижелер көрсетуі үшін жағдай жасауды жалғастырамыз. Мектеп оқушыларын жеңістерімен құттықтаймын және биік белестерді бағындыруларына тілектеспін", – деді БҒМ "Дарын" РҒПО директоры Тимур Нұркешов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу