Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен мемлекеттік басқару салаларын ілгерілету арқасында ең жоғары рейтингке қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Антикорға сілтеме жасап.
Moody’s Мемлекеттік басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салаларындағы ілгерілеуді атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, іске асырылып жатқан реформалар саяси тұрақтылыққа, азаматтық белсенділікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың ашықтығына оң әсер етіп жатыр, - делінген хабарламада.
Негізгі прогресс мемлекеттік басқарудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында, Қазақстанның сенімді қаржылық көрсеткіштерінде, Үкіметтің бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 2,5-3% деңгейінде ұстап тұрған салиқалы саясатында, ҚР экономикасының құрылымындағы мұнайдан бөлек секторлар үлесінің ұлғаюында және тағы басқаларында байқалады (СаясатKZ).
Қазақстанның кредиттік рейтингін арттыру экономиканы әртараптандырудың орнықты қарқынымен ұштастыра отырып, институционалдық және саяси ортаны үздіксіз жақсартумен байланысты.
Бұл факторлар экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және несиелік тұрақтылықты жоғары рейтингі бар елдер деңгейіне дейін өсіруге ықпал етеді.