Қазақстан және Әзербайжан СІМ басшылары Гамбургте Каспийдің мәртебесін талқылады

746

Қазақстан және Әзербайжан СІМ басшылары Гамбургте Каспийдің мәртебесін талқылады

Қазақстан және Әзербайжанның сыртқы істер министрлері  Эльмар Мамедъяров пен Ерлан Ыдырысов Гамбургте ЕҚЫҰ СІМК отырысы алаңында кездесу өткізді.

"Эльмар Мамедъяров пен Ерлан Ыдырысовтың кездесуі Гамбургте ЕҚЫҰ СІМК-нің  23-отырысы сыртында өтті. Министрлер  Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселесі бойынша пікір алмасты", деп хабарлады жұма күні Әзербайжанның СІМ баспасөз қызметі. Бұл туралы "Интерфакс-Әзербайжан" жазып отыр.

Тараптар ынтымақтастықтың жан-жақты және қарқынды дамуына көңіл толатындығын білдірді.

"Халықаралық ұйым шеңберінде ынтымақтастық пен өзара қолдауды одан әрі жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді, – делінген таратылған ақпаратта.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу