Қазақстан және Қырғызстан ТЖ министрліктері ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге келді

544

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің төрағалығымен Төтенше жағдайларды және зілзалалардың қауіп-қатерін азайту орталығының тоғызыншы кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.  

Қазақстан және Қырғызстан ТЖ министрліктері ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге келді

Кеңес отырысына Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев және Ауғаныстан Ислам Республикасы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Азизулла Омар қатысты. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Екіжақты кездесу аясында Қазақстан және Қырғызстан төтенше жағдайлар министрліктерінің басшылары азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Ауғанстан тарапы да орталыққа толық құқылы мүше ретінде кіруге әзірлігін кезекті рет растады.

Отырыста азаматтық қорғау саласындағы жобаларды халықаралық ұйымдармен бірлесіп іске асыру барысы да сөз болды.

Кеңес мүшелері орталық қатысушыларының құрамын одан әрі кеңейтуді, оның әлеуетін тиімді қолдануды және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету әзірлігін күшейтуді ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша орталық кеңесінің ортақ шешіміне қол қойылды.

Кейін екі елдің төтенше жағдайлар министрлері Алматы қаласы ТЖД ахуалдық орталығының жұмысымен танысты. Онда бірқатар инновациялық цифрлық жобалардың дерекқоры орналасқан. Атап айтқанда, онлайн режимдегі селден қорғау мониторингтік жүйесі мен қала бойынша өрт ошақтарын анықтайтын бейнебақылау камераларын көрді.

Сонымен қатар жер сілкінісін алдын ала ескерту мен бақылау жүйелерін интеграцияландыру қажеттігін атап өтті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу