Қазақстан және ОПЕК+ құрамындағы 6 ел қазан айында өндіретін мұнай көлемін бекітті

368

Барлық 7 мемлекет қазанда мұнай өндіру көлемін қыркүйектегі деңгейде сақтайды.  

Қазақстан және ОПЕК+ құрамындағы 6 ел қазан айында өндіретін мұнай көлемін бекітті Фото: Reuters

ОПЕК+ құрамындағы жеті ел 6 қыркүйекте өткен онлайн кездесуде 2026 жылғы қыркүйекке белгіленген мұнай өндіру деңгейін қазан айында да сақтап қалу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Кездесуге Қазақстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман қатысты. Бұл елдер бұған дейін 2023 жылдың сәуірі мен қарашасында мұнай өндіру көлемін қосымша ерікті түрде түзететінін мәлімдеген.

Кездесуге қатысушылар Ынтымақтастық туралы декларация талаптарын толық орындауға ортақ міндеттемелерін де растады.

Елдер әлемдік мұнай нарығындағы жағдай мен оның келешегін ай сайын талқылауды жалғастырады. Келесі кездесу 2026 жылғы 4 қазанда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу