Қазақстан-Жапония: дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл

1181

Қазақстан-Жапония: дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабатамен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі

Мейманмен кездесуде сенатор Мемлекет басшысының өткен жылғы қарашадағы Жапонияға ресми сапарының нәтижелі әрі мазмұнды болғанын атап өтті.

И.Кавабата Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады және екіжақты қатынастарды дамытуда мерейлі жыл қосымша серпін беретінін атап өтті.

Елші екі елдің заң шығару органдары арасындағы ынтымақтастықты үдету мақсатында алдағы уақытта жапон парламентшілерінің сапары туралы хабардар етті.

Тараптар екіжақты байланыстың экономикалық, гуманитарлық және мәдени мәселелерін де талқылады. Кездесу соңында Жапония Елшісі қазақстандықтарды Алматыдағы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ашылуымен құттықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу