Қазақстан Жапония, Нью-Йорк, Шанхай бағыттарына әуе қатынасын ашпақ

738

2020 жылы транзиттік жолаушылар саны 1,6 млн адамға жетеді деп күтілуде.

Қазақстан Жапония, Нью-Йорк, Шанхай бағыттарына әуе қатынасын ашпақ

Үкіметтің бүгінгі отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдегендей, Қазақстан "Эйр Астана" әуе компаниясымен бірлесіп, Жапония, Нью-Йорк, Шанхай бағыттарында және әлемнің басқа да ірі қалаларына әуе қатынастарын ашу шараларын қабылдайтын болады.

"Биыл біз АҚШ-қа ұшу үшін аккредиттеу рәсімдерін бастаймыз. Министрлік Қазақстан мен АҚШ арасында Әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім жобасын даярлады. Оған осы айда қол қойылмақ", – деді министр.

Деректерге сүйенсек, 2018 жылы азаматтық авиациядағы транзиттік жолаушылар саны 900 мың адамға жеткен. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 45 пайызға артық. 2017 жылы транзиттік жолаушылардың саны 620 мың адамды құраған болатын. Ал 2020 жылы транзиттік жолаушылардың саны 1,6 млн адамға жетеді деген жоспар бар.

"Осы жылдың бірінші жартыжылдығында тұңғыш ұлттық бюджеті төмен Fly Arystan әуе компаниясын іске қосу жоспарлануда. Алғашқы жылы "Эйр Астана" компаниясымен салыстырғанда 1 миллионға жуық жолаушыны екі есе төмен бағамен тасымалдау жоспарлануда", – деп толықтырды Роман Скляр.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу