Қазақстан Жапонияға ферроқорытпа сатып, көлік импорттайды

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың 11 айындағы Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75%-ға өсіп, 1 734 млн долларға жетті.     

Қазақстан Жапонияға ферроқорытпа сатып, көлік импорттайды Фото: egemen.kz

Өсім экспорттың 53%-ға, импорттың 98%-ға артуы есебінен болып отыр.

Жапонияға экспорттың ең үлкен үлесі ферроқорытпаларға тиесілі. Сонымен қатар шикі мұнай, өңделмеген алюминий де көп тасымалданады.  

Импорттың негізгі үлесін автокөліктер құрайды. Сондай-ақ, түрлі ауыр техника да бар.

Айта кетейік, Қазақстан мен Жапония өзара ынтымақтастық орнатып, сауда және инвестициялық бағыттағы әріптестікті арттырып, автомобиль жасау, электроника және электротехника саласында тәжірибе алмаспақ.

Бұған қоса жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту ақпараттық технологиялар, электронды өнеркәсіп саласында стартаптарды дамыту көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу