Қазақстан Жапонияға мұнай экспорттауы мүмкін

325

Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.  

Қазақстан Жапонияға мұнай экспорттауы мүмкін Фото: caspiannews.com

Жапония үкіметі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстаннан мұнай импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Агенттіктің мәліметінше, бұл қадам Токионың энергия ресурстары жеткізілімін әртараптандыру стратегиясы аясында талқылануда. Қазіргі таңда Жапония мұнайдың шамамен 90 пайызын Таяу Шығыстан алады, бұл елді аймақтағы геосаяси тәуекелдерге аса тәуелді етеді.

Бұған дейін жапон тарапы АҚШ-тан Аляска мұнайын жеткізу мүмкіндігін де қарастырған болатын. Осы жағдайда Қазақстан әлеуетті балама жеткізушілердің бірі ретінде аталып отыр.

Өткен жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға сапары барысында 3,7 млрд доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылған еді. Мемлекет басшысы Жапонияның жоғары технологиялық деңгейін атап өтіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетін ерекше көрсеткен.

Сонымен қатар, Жапония үкіметі экономикалық қауіптерді азайтып, энергия ресурстарының жеткізілу тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін стратегиялық қордағы мұнайды нарыққа шығаруды қолға алды.

The Guardian басылымының жазуынша, бұл Жапония тарихындағы ең ірі мұнай босату шарасы туралы болып отыр. Шамамен 80 млн баррелді құрайды. Билік аталған шешімді АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы жағдайында туындауы мүмкін мұнай тапшылығы қаупімен және Ормуз бұғазы арқылы жеткізілімдердің үзілу ықтималдығымен тікелей байланыстырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу