Келіссөздер барысында тараптар геологиялық барлау саласында жапондық бизнес құрылымдармен серіктестік мүмкіндіктерін талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұлттық компания ауқымды барлау бағдарламасын жүзеге асырып жатқанын және бірқатар жаңа жобаларға Жапонияны тартуға дайын екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан мұнайын Жапонияға тиімді шарттармен жеткізу мәселесі қаралды. Метан шығарындыларын азайту бағытында да серіктестік әлеуеті сөз болды. ҚМГ Қазақстан мен Жапония арасындағы Joint Crediting Mechanism (JCM) тетігі аясында жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.
Асхат Хасенов жапондық компаниялармен әріптестікті нығайтудың декарбонизация және тұрақты даму салаларында озық технологиялар мен тәжірибелерді енгізу үшін маңызды екенін айтты.
Кездесу соңында тараптар барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін жеткізді.