Қазақстан Жапонияға жылқы етін жеткізуге дайын

1029

Қазақстан ауыл шаруашылық экспортының ауқымын ұлғайтып, жаңа нарыққа шығады.  

Қазақстан Жапонияға жылқы етін жеткізуге дайын

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мұнда Шығыс Азия елдеріне көз тігіп отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Мәселен, Жапония үлкен сұраныс беруге дайын елдің бірі. Үкімет ол жаққа сиырмен қатар, жылқы етін де жеткізуге уағдаластық жасай алған. Жалпы биыл Президенттің тапсырмасымен Ауыл шаруашылығын арттырудың 5 жылға арналған үлкен бағдарламасы әзірленіп жатыр. Онда негізгі басымдылық,  отандық шаруалардың өнімін сыртқа шығаруға жәрдемдесуге берілмек. Бүгінде Қазақстан 62 елге 3,2 млрд долларға тауар шығарады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу