Қазақстан жасанды интеллектінің көмегі арқылы шегірткемен күреспек

279

Қазақстан мен БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы өзара ынтымақтастықты нығайтып, бірқатар жобаны жүзеге асырады.  

Қазақстан жасанды интеллектінің көмегі арқылы шегірткемен күреспек Фото: vecher.kz

Соның ішінде мал және балық шаруашылығын дамыту, шегірткемен күрес, ветеринарлық қауіпсіздікті арттыруға ерекше ден қойылмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Елде кейінгі жылдары сары май және сүт өндірісі артып, импорт көлемі азайып келеді. Шегірткелерді жасанды интеллект бақылайды.

Қазақстан мен ФАО өзара ынтымақтастық негізінде осы және өзге де жобаларды жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне қарағанда, цифрлық технология, жасанды интеллект және дрон қолдану арқылы шегірткеге қарсы күрес шараларын жетілдіру жоспарланған.

Сонымен қатар "Қазақстандық сұрыптар мен тұқымдар" ұлттық бастамасы бойынша Ақмола, Алматы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында деректер жинау жұмысы аяқталды.

Бүгінгі таңда тараптар бірлесіп, жалпы құны 9,5 млн АҚШ доллары болатын 10 негізгі жобаны жүзеге асырып жатыр. Атап айтқанда, тұқым, балық және сүтті мал шаруашылықтарын дамыту, ветеринарлық қауіпсіздікті арттыру, жер және су ресурстарын орнықты басқаруға мән берілген.

"Біз үшін әрбір жоба халықаралық стандарттарға және Қазақстанның АӨК дамыту жөніндегі ұлттық басымдықтарына сай болуы маңызды. Бұл бастамалардың орындалуы ауыл шаруашылығын технологиялық жаңғыртуға елеулі серпін береді деп сенемін. Біз ФАО-мен стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтып, тәжірибе алмасып, ортақ мақсаттарды жүзеге асыруды жалғастырамыз", – деп мәлімдеді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу