Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Нью-Делиде бесінші орынға табан тіреді

851

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) мәреге жеткен Билли Джин Кинг кубогінің (әлем чемпионаты) іріктеу сайысында бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.  

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Нью-Делиде бесінші орынға табан тіреді

Қазақстандық қыздар бесінші саты үшін бәсекеде Гонконг құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Қазақстан құрамасы сапында Айя Нұпбай, Асылжан Арыстанбекова және Карина Жұмажанова ойнады.

"Жалпы қыздар жақсы өнер көрсетті. Ширек финалда жеребе жолдас болмай, Аустралияға тап келдік. Кейін аустралиялықтар осы іріктеу сайыстарының жеңімпазы атанды. Бұдан былай да шеберлігімізді ұштай түсетін боламыз. Барлық матчқа отбасыларымен келіп, қолдау көрсеткен Қазақстанның Үндістандағы елшілігі қызметкерлеріне алғысымды айтқым келеді", – деді команда капитаны Ярослава Шведова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу