Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында көш бастады

341

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатындағы үшінші ойынын Франция құрамасына қарсы өткізді.

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында көш бастады Фото: sports.kz

Осы кездесуге дейін үш команда бірдей ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орынға үміткер еді: француздар, аустриялықтар және біздің құрама екі мәрте жеңіске жеткен. Бүгінгі ойыннан кейін хоккейшілеріміз тоғыз ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастады. Франция мен Аустрия құрамаларында алты ұпайдан бар. Дания, Венгрия және Жапония әлі бір де бір ұпай жинай алған жоқ.

Бірінші кезеңде Давлат Нұркенов есеп ашты. Ойынның екінші кезеңінде Егор Смолянинов басымдықты еселей түсті. Ойынның аяқталуына 7 минут қалғанда Давлат Нұркенов дубль жасады. Ал Александр Ким кездесудің нүктесін қойды – 4:0.

Қазақстан – Франция – 4:0 (1:0, 1:0, 2:0)

1:0 — 08:48 — Нұркенов (Бреус, Бейсембаев)

2:0 — 31:19 — Смолянинов (Ермак, Логвин)

3:0 — 52:10 — Нұркенов (Ким, Оразов)

4:0 — 53:59 — Ким (Смолянинов, Ляпунов)

Қақпашылар: Никитин – Келлер

Осылайша Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы Франция құрамасы гол соға алмады. Матч аяқталған соң кездесуге байланысты Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Сергей Старыгин пікір білдірді.

"Әдеттегідей. Әлем чемпионатында барлық матчтар қиын. Франция құрамасы да осыған дейін екі матчта жеңіске жетті. Әркімнің белгілі бір артықшылығы бар. Бірінші кезеңде бүгінгі біздің осал жеріміз байқалды. Дегенмен, барлық көрсеткіштер бойынша екінші және үшінші кезеңде жеңіске жеттік. Жалпы алғанда, жігіттер шыдамдылық танытты. Жақсы матч болды", — деді Старыгин.

Сергей Старыгин шәкірттері келесі кездесуін ертең Жапония құрамасына қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен 17:30-да басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу