Қазақстан жастар құрамасы жүлдегерлер қатарына қосылды

772

Қазақстан жастар құрамасы жүлдегерлер қатарына қосылды

Қырғызстанда жастар арасында дзюдодан өткен Азия кубогында Қазақстан жастар құрамасы үшінші орын иеленді, деп хабарлады ҚР дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

Азия құрлығының 9 елінен келген 159 татами шебері бақ сынаған тартысты таласқа ел құрамасынан 25 дзюдошы қатысты. Екі күнге созылған жылдың маңызды додасында Қазақстан жастар құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен жалпы командалық есепте 3 орынға қол жеткізді.

Мөлдір Нарынова (70 келі), Камила Берліқаш (+78 келі), Сұңғат Жұбатқан (66 келі) - алтын медаль, Ләззат Әлімхан (57 келі), Амина Расул (78 келі) - күміс медаль, Бақыт Абдусамат (55 келі), Нұрсұлу Ералиева (52 келі), Санжар Балғымбеков (81 келі) - қола медаль жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу