Қазақстан жастар құрамасының мүшесі Африка кубогінде жеңіске жетті

665

Мысырда триатлоннан өткен жарыста Ашраф Камалова жеңімпаз атанды.

Қазақстан жастар құрамасының мүшесі Африка кубогінде жеңіске жетті

Өткен демалыс күндері Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында триатлоннан Африка кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әлемнің жеті елінен жалпы есебі 40 спортшы бақ сынаған турнирге Қазақстан атынан үш спортшы қатысқан болатын. 

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жастар құрамасының мүшесі Ашраф Камалова жеңімпаз атанды. Осы санатта сынға түскен Надежда Бекмағанбетова төртінші орында. 

Ерлер арасындағы турнирде Дэнис Туницкий үздік төрттікке енді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу