Vouchercloud порталының бағалауы бойынша Қазақстан жастарға білім беру деңгейі бойынша 9-шы орыннан көрініп, Швейцария, Америка Құрама Штаттары, Норвегия және Финляндияны басып озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Рейтингті жасаушылар еліміздің "барлық үміттерді ақтағанын" жазып, Қазақстанның "жаңа интеллектуалды держава" бола алатынына сенім білдіреді.
Айта кету керек, рейтингтің алғашқы бестігінде Азия елдері тұр. Рейтингті құраушылардың пайымдауынша, бұл жағдай жаһандық интеллектуалды күштің үлкен өзгеріске ұшырағалы тұрғанын көрсетеді. Уақыт өте келе жаңа инновациялардың бәрі де Шығыстан ағылып, батыстың идеялары өздерінің үстемдіктерін тоқтатады деп болжайды.
Жастардың білім деңгейі бойынша елдердің рейтингі портал жүргізген зерттеудің бір бөлігі ғана болып отыр.
Vouchercloud сарапшылары әлемдегі ең ақылды 25 елдің тізімін жасау үшін біршама деректерді пайдаланған. Жастардың білім деңгейінен басқа Нобель сыйлығының лауреаттары мен халықтың орташа IQ көрсеткіші ескерілген.
АҚШ-тан бірнеше рет Нобель лауреаттары шыққанына қарамастан (368) күн шығыстағы Жапония ең ақылды елдер рейтингінде бірінші орынды иеленген. Бұл елде тек Нобель сыйлығының 26 лауреаты ғана шыққанымен, бірақ халықтың IQ деңгейі мен жастардың білім деңгейі өте жоғары. Екінші орыннан Швейцарияға көрініп отыр. Үшінші орынға әлемдегі IQ деңгейінде екінші орындағы Қытай орналасқан. АҚШ рейтингтің төртінші орнына жайғасқан. Нидерланды үздік бестікті түйіндесе, одан кейінгі орындардан Ресей (6-орын), Бельгия (7-орын), Ұлыбритания (8-орын), Канада (9-орын) және Оңтүстік Корея (10-орын) көрінген.