Қазақстан жастары Африкада ауызашар берді

1105

Дастархан 250 адамға жайылған.

Қазақстан жастары Африкада ауызашар берді

Қазақстандық бір топ жас Африкада ауызашар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дастархан 250 адамға жайылған. Ұйымдастыру жұмыстарын Африкадағы мұсылмандарға ауызашар ұйымдастыратын қор қолға алған. Алматы қаласы мен Ақтөбе облысындағы 50-ге жуық белсенді жас сол қорға ақша аударған.

"Қасиетті Рамазан айындағы игі істердің төресі – ауыз аштыру. Африка мұсылмандары ауыздарын қара сумен ашатынын естігенде, ас беру ойы туындады. Олардың күнкөріс деңгейлері өте төмен. Ауызашар бағдарламасы бойынша бір адамды тамақтандыруға 1 доллар, яғни 380 теңге шамасында жұмсалады екен. Қазақстанда бұл баға бір адамға – 600-1500 теңге. Оның үстіне, елімізде ауызашар беріп жатқандар өте көп. Өңірлердегі әрбір мешітте де олар күнделікті тегін ұйымдастырылады. Аталмыш елдегі халықтың жағдайына қарап шүкіршілік етсек деген ой", – дейді ұйымдастырушылардың бірі Ержан Мизамов.

Оның айтуынша, алдағы күндері еліміздің жастары Мысырда білім алып жатқан 80-ге жуық қазақстандық студентке ауызашар асын беруді жоспарлап отыр.

"Ұсыныстар өте көп түсуде. Оның ішінде, Қазақстандағы жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық шараларын ұйымдастыру бар", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу