Қазақстан жастары Еуро-2019 іріктеу кезеңін сәтті бастады

573

Қазақстан жастары Еуро-2019 іріктеу кезеңін сәтті бастады

Еуро-2019 іріктеу кезеңі аясында Люксембург және Қазақстан жастар құрамалары өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды vesti.kz.

Есепті алаң иелері ашты. Небәрі алтыншы минутта Люксембург құрамасының ойыншысы Муратович 11 метрлік айыпдобын дәл орындап, командасын есепте алға шығарған болатын. Арада жарты сағаттай уақыт өткенде Соколенко алаң иелерінің қақпасын тура көздеп, таразы басын теңестірді. Екінші таймның 15 минутында Наджарян жеңісті голды соқты.

Сонымен Владимир Никитенко жаттықтыратын құрамамыз алғашқы кездесуде үш ұпай олжалап, жарыс кестесінде көш бастады.

ЕУРО-2019. Іріктеу кезеңі

Люксембург – U21 — Қазақстан – U21 — 1:2

Голдар: 7' (1:0, пен), 35' Соколенко (1:1), 60' Наджарян (1:2)

Люксембург: Рулез, Эверт (капитан), Сакра, Скендерович, Дублин, Тилль, Муратович, Синани, Пинту, Островски, Мерш.

Қазақстан: Бусурманов, Мажитов, Әбікен, Әбілғазы, Қалмұратов, Сламбеков, Наджарян, Соколенко, Перцух, Федин, Жалмұқан (капитан).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу