banner

Қазақстан жастары Германия хоккейшілерін жеңді

1469

Қазақстан мен Германия жастар құрамасы 5 қаңтар күні шешуші ойын өткізіп, жоғары дивизионда қай команда қалатынын анықтайды.  

Қазақстан жастары Германия хоккейшілерін жеңді

Чехияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Германиямен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Германия құрамасы былтыр бірінші дивизионда жеңімпаз атанып, жоғары дивизионда бақ сынауға мүмкіндік алған еді. Неміс хоккейшілері В тобында Канада, АҚШ, Ресей, Чехия құрамаларымен ойнады. Бір кездесуде жеңіске жеткен олар қалғанында қарсыластар ығына жығылды. Өз тобында соңғы орынды місе тұтты.

Ал Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында төрт кездесу өткізіп, барлығында қарсыластарына есе жіберді. Алдымен Швейцариядан 3:5 есебімен жеңілген қазақстандық хоккейшілер одан кейін Словакиядан 1:3, Финляндиядан 1:7, Швециядан 2:6 есебімен ұтылды.

Бүгінгі кездесуде қазақ хоккейшілері Германия жастар құрамасын 4:1 есебімен жеңіп кетті. Бұған дейін Қазақстан жастары жұбаныш кезеңіндегі алғашқы ойынында қарсыласынан 0:4 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Бүгінгі жеңістің арқасында Қазақстан жастар құрамасы 5 қаңтар күні Германиямен тағы да кездеседі. Бұл кездесуде жеңіске жеткен команда жоғары дивизионда қалатын болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу