Қазақстан жастары неліктен шетел асып жатыр?

1140

Қазақстан жастарынан айырылып жатыр, деп хабарлайды  Atameken Business.  

Қазақстан жастары неліктен шетел асып жатыр?

Түйткілді бүгін бір топ депутат Парламентте көтерді. Олар білім қуып, шетелге кеткен жастардың көбі оқу бітірген соң жат жерде қалып қойып жатыр деп алаңдаулы. Депутат Александр Милютин бұған елдегі білім беру сапасының нашарлығы мен жұмыссыздық себеп деп санайды. Қазақстанда еңбек нарығы терең зерттелмейді, ал түлектер диплом алған соң, қызметке тұра алмай әлек болып жатады. Біздің университеттердің теорияға басымдық беруі және жастар үшін ипотеканың қолжетімсіздігі де статистиканы ушықтырып жатыр дейді мәжілісмен. Әсіресе көрші Ресейдің жоғары оқу орындары біздің студенттер арасында сұранысқа ие. Себебі мұндағы университеттер қазақстандықтарға да мемлекеттік грант бөледі. Ол ол ма, біздің ел сырттай оқытудан бас тартқанда, Ресейде қашықтан білім алу жақсы дамыған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу