Қазақстан жастарының мамандық таңдауы туралы бес факт

1477

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, білім сапасы бойынша елдердің рейтингін жасайтын PISA-ның зерттеуіне сүйене отырып, елдегі жастар қандай мамандықтарды таңдайтынын айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстан жастарының мамандық таңдауы туралы бес факт

Деректерді рет-ретімен келтірейік:

1. Қазақстанда жасөспірімдердің жартысынан көбі кең таралған мамандықтарды таңдайды.

2. Зерттеудің барлық үш циклінде мансаптық таңдаудың алдыңғы қатарында дәрігер мамандығы тұр. Мысалы, жалпы тәжірибелік дәрігер PISA-2022 (9%), PISA-2015 (10%) және PISA-2018 (5%) зерттеуінде ең жиі таңдалған.

3. Жасөспірімдердің педагог мамандығына қызығушылықтары айтарлықтай артқан. Зерттеудің үш циклі ішінде осы мамандыққа қызығушылық танытқан оқушылардвң үлесі екі есе өсті немесе 5%-ға жетті. Атап айтқанда, осы мамандықты таңдау бойынша PISA 2015 зерттеуінде 7-орын болса, ал PISA-2022-де 2-орынға дейін көтерілді. 2022 жылы оқушылардың 9%-ы "Жалпы білім беретін мектептегі мұғалім" мамандығын болашақ мамандығы ретінде таңдады.

4. PISA-2022 зерттеуінің қорытындысы бойынша таңдаулы мамандықтардың алғашқы ондығына АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) мамандықтары кіреді деп күтіліп отыр.

5. Сонымен қатар жиі таңдалатын мамандықтардың ондығына келесі мамандықтар енді. Бұл – "Стоматологтар" (4%), "Тауарлар мен киім дизайнерлері" (3%), "Ғимараттар мен құрылыстардың сәулетшілері" (3%), "Спорт жаттықтырушылары, нұсқаушылары және спорт саласындағы мамандар" (2%), "Психологтар" (2%), "Косметологтар және олармен байланысты мамандар" (1%), "Жарнама және маркетинг саласындағы мамандар" (1%), "Графикалық және мультимедиялық дизайнерлер" (1%).

Фото: catherineasquithgallery.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу