"Қызыл" аймақта бірде-бір өңір қалмады

678

Қатаң шектеу шараларын енгізу көзделген "қызыл" аймақта бірде-бір өңір қалмады. 

"Қызыл" аймақта бірде-бір өңір қалмады

Қазақстанның COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы бойынша, "сары" аймақтағылар саны үш аймаққа қысқарды, қалғандарының барлығы "жасыл аймақта" деп хабарлайды .

Бейсенбіде ұсынылған өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, қатаң шектеу шараларын енгізу көзделген "қызыл" аймақта бірде-бір өңір қалмады.

Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары" аймақта, бұл ағымдағы карантиндік шараларды сақтауды және олардың сақталуына бақылауды күшейтуді көздейді.

"Жасыл" аймақта Алматы мен Шымкент қалалары және Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ "сары" аймақтан көшкен Нұр-Сұлтан қаласы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу