Қазақстан Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын қолдады

89

Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған жиын өтті.

Қазақстан Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын қолдады Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Басқосуға Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов төрағалық етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жиынға еліміздің белгілі қаламгерлері мен зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.

Қатысушылар реформалардың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасып, қоғамға, мәдениетке және шығармашылық салаға қатысты көзделген нормаларды, сондай-ақ азаматтық институттардың орны мен жауапкершілігін талқылады.

Кездесудің басты мақсаты – жаңа Конституция жобасына қатысты шығармашылық зиялы қауымның ұстанымын жүйелеп, оны қоғам назарына ұсыну.

Пікірталас барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, сөз және шығармашылық еркіндігін нығайту туралы айтылды. Сондай-ақ, құқықтық реформалардың ел дамуы үшін стратегиялық маңызы ерекше атап өтілді.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасында ұсынылған бағыттар мен реформаларды қолдайтындарын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу