Қазақстан жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеу ережелерін өзгертуді жоспарлап отыр

534

Құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды. 

Қазақстан жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеу ережелерін өзгертуді жоспарлап отыр Фото: inbusiness.kz

Қазақстан жеке басын куәландыратын құжаттарды дайындау ережелеріне өзгерістер енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР Ішкі істер министрлігі әзірлеген өзгерістерге сәйкес, енді төлқұжат, жеке куәлік (немесе оларды ауыстыру), сондай-ақ, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін дайындау кезінде мемлекеттік бажды төлеу, электронды үкіметтің төлем шлюзі, Екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе QR-коды бойынша "Халықты құжаттандыру және тіркеу" пункті бойынша жүзеге асырылады.

Жоба 2024 жылдың 16 қаңтарына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу